Лента новостей

Семей тұрғыны оқушылар жүретін жол жарықсыз қалғанына алаңдаулы

жарық, мектеп, оқушылар, Семей

Редакциямызға Семей қаласының тұрғынынан көше жарығына қатысты шағым келіп түсті, деп хабарлайды Arnapress.kz

Тұрғынның айтуынша, Бозтаев көшесінен Құнанбай көшесіне, №5 монша бағытына қарай бұрылған тұстағы көше шамдары біраз уақыттан бері жанбай тұр.

"Бозтаев көшесінен Құнанбай көшесіне бұрыламыз. 5 моншаға қарай. Прожекторлар жанбайды, жарық жоқ. Біраз уақыт болды. Мына жерде жол жөндеу жұмыстары болған. Асфальт жаңартылғалы бері, жанбай қалды. Мына жерде бағдаршам бар. 35 ші мектеп тұр. Түк көрінбейді. Сағат 16:30-да қараңғы түседі. Сабақтан балалар шығатын кезде қиын. Аялдама бар осы жерде. Осы шамдар жанбай тұр. Ары қарай Әуезов даңғылына қарай 4-5 еуі ғана жанып тұр", – дейді қала тұрғын.

Қала тұрғын әсіресе сабақтан қайтатын оқушылардың қауіпсіздігіне алаңдаулы. Оның айтуынша, мектеп пен аялдама маңындағы жарықтың болмауы жаяу жүргіншілер үшін қолайсыздық туғызып отыр.

Еске салайық, "Сіздің жаңалықтар" айдарына сізде шешімін таппаған мәселеңіз болса +77085043005 нөмеріне жібере аласыз!

Фото: Қала тұрғынына келген видеодан

Просмотров (83)