Лента новостей

Абай облысында қар аралас жаңбыр жауып, көктайғақ болуы мүмкін

ауа, райы, ескерту, жол

20-21 қазанға қараған түні Абай облысында ауа температурасы төмендеп, қар аралас жаңбыр жаууы күтіледі. Осыған байланысты жолдарда көктайғақ пайда болуы мүмкін, деп хабарлайды Arnapress.kz Полиция департаментіне сілтеме жасап. 

Облыстық полиция департаменті тұрғындарға аса қажеттілік болмаса, алыс жолға шықпауға кеңес береді.

Жолға шығу қажет болған жағдайда жүргізушілерге жылдамдықты сақтап, көлік арасындағы қауіпсіз қашықтықты ұстану және күрт тежеуден аулақ болу ескертіледі. Сондай-ақ сапар алдында көліктің техникалық жағдайын тексеріп, жолдағы көріну деңгейін ескеру қажет.

Полиция қызметкерлері жүргізушілерді сақтық шараларын сақтап, жол қозғалысы қауіпсіздігіне жауапкершілікпен қарауға шақырады.

Фото: Жасанды интеллект арқылы жасалды

Просмотров (364)