Лента новостей

Жұмыссыз қалғандарға әлеуметтік төлем төлеу тәртібі өзгереді

жұмыссыздық, қолдау, көмек, өзгеріс

Қазақстанда жұмысынан айырылған азаматтарға жаңа жұмыс табуға, кәсіп меңгеруге және әлеуметтік қолдау алуға мүмкіндік беріледі. Бұл туралы Arnapress.kz ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне сілтеме жасап хабарлайды.

Көмек алудың алғашқы қадамы – жұмыс іздеуші ретінде тіркелу. Ол үшін азаматтар тұрғылықты жеріндегі Мансап орталығына жүгіне алады немесе eGov.kz және Enbek.kz порталдары арқылы өтініш бере алады.

Мансап орталығының мамандары лайықты бос жұмыс орындарын ұсынуға, кәсіби оқытуға және біліктілікті арттыруға көмектеседі. Сондай-ақ азаматтар "Жастар практикасына", субсидияланатын жұмыс орындарына және кәсіпкерлікті қолдау бағдарламаларына қатыса алады.

Бұдан бөлек, міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысқан және заңда көзделген талаптарға сай келетін азаматтарға жұмысынан айырылуына байланысты әлеуметтік төлем тағайындалады. Бұл төлем жұмыссыз қалған кезеңде жоғалған табыстың бір бөлігін өтеуге арналған.

2027 жылғы 1 қаңтардан бастап әлеуметтік төлемді алу мерзімінің ең ұзақ кезеңін алты айдан үш айға дейін қысқарту көзделген. Төлемнің нақты мөлшері азаматтың әлеуметтік аударымдар жүргізілген табысына және сақтандыру жүйесіне қатысу өтіліне байланысты есептеледі.

Министрлік азаматтарды жұмыссыз қалған жағдайда Мансап орталығына жүгінуге және қолжетімді жұмыспен қамту бағдарламаларын пайдалануға шақырады. Бос жұмыс орындары мен жұмысқа орналасу мүмкіндіктері туралы толық ақпаратты Enbek.kz порталынан алуға болады.

Фото: Жасанды интеллект арқылы

Просмотров (377)