Абай облысы бойынша аумақтық департамент 2026 жылға арналған тексерулердің бекітілген кестесіне сәйкес "Теплокоммунэнерго" МКК-ға жоспарлы тексеру жүргізді, деп хабарлайды Arnapress.kz департаменке сілтеме жасап.
Тексеру аясында Қазақстан Республикасының электр энергетикасы және жылу энергетикасы саласындағы заңнама талаптарының сақталуы қаралды. Негізгі назар энергетикалық жабдықтар мен жылумен жабдықтау объектілерін пайдалану кезінде белгіленген талаптардың сақталуына, сондай-ақ олардың қауіпсіз әрі сенімді жұмыс істеуін қамтамасыз етуге аударылды.
Тексеру нәтижесінде бірқатар бұзушылықтар анықталды. Оларды белгіленген мерзімде жою туралы кәсіпорынға тиісті нұсқама берілді. Қазіргі уақытта берілген нұсқаманың толық әрі уақтылы орындалуы Аумақтық департаменттің жіті бақылауында.
Фото: Абай облысы бойынша аумақтық департаменті видеосынан скрин
