Лента новостей

Абай облысында мал ұрлығына қатысы бар бірнеше қылмыстық топ анықталды

мал, ұрлық, топ, анықталды

Абай облысында "Мал ұрлығы" жедел-профилактикалық іс-шарасы жалғасуда. Екі күн ішінде полиция қызметкерлері 100-ден астам автокөлікті, мал мен ет өнімдерін сататын 28 нысанды және 76 шаруа қожалығы мен ферманы тексерді, деп хабарлайды Arnapress.kz Полиция департаментіне сілтеме жасап. 

2026 жылдың басынан бері өңірде мал ұрлығына қатысы бар деген күдікпен 31 адам ұсталып, 8 қылмыстық топ анықталды. Мал ұрлығын ашу көрсеткіші 56,4%-дан 70,8%-ға дейін өсті.

Сонымен қатар өткен жылдардағы мал ұрлығының 5 дерегі ашылып, аталған істер бойынша тергеу аяқталды. Жарма, Абай және Бесқарағай аудандарында топ болып мал ұрлады деген күдікке ілінген азаматтардың басқа да қылмыстарға қатысы тексерілуде.

Мал ұрлығының алдын алу мақсатында тәркіленген жануарларды уақытша ұстауға арналған 131 мамандандырылған қораның жұмысы ұйымдастырылды. Жыл басынан бері мал жаю қағидаларын бұзудың 2 487 және ветеринариялық талаптарды бұзудың 339 дерегі анықталды.

Фото: Полиция департаментінен

Просмотров (154)