Шығыс Қазақстан облысының Глубокое ауданындағы Бобровка ауылында тұрғын үй өртеніп, салдарынан үш адам көз жұмды, деп хабарлайды Arnapress.kz өңірлік төтенше жағдайлар департаментіне сілтеме жасап
Өңірлік Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, өрт сөндірушілер оқиға орнына жедел жеткен. Алайда құтқарушылар келген кезде тұрғын үй толығымен отқа оранып, шатырдың бір бөлігі құлаған. Өртті сөндіру барысында үй ішінен әйел мен екі баланың мәйіті табылды.
Тілсіз жау 63 шаршы метр аумақты шарпыған. Өрт толық сөндірілді. Қазіргі уақытта оқиғаның шығу себебі анықталып жатыр.
Фото: Жасанды интеллект арқылы
