Лента новостей

Қазақстанда мәдениет және өнер қайраткерлеріне арналған жаңа наградалар енгізіледі

награда, ән, музыка, өнер

Құрылтай "Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградалары туралы" заңға өзгерістер мен толықтыруларды мақұлдап, заң жобасын үшінші оқылымда қабылдады, деп хабарлайды Arnapress.kz ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігіне сілтеме жасап. 

"Шәмші Қалдаяқов" медалі – отандық музыка өнері мен ән шығармашылығын дамытуға елеулі үлес қосқан азаматтарға беріледі.

"Қазақстанның еңбек сіңірген суретшісі" құрметті атағы – бейнелеу өнерінде үздік туындыларымен танылып, ұлттық көркем мәдениетті дамытуға ерекше еңбек сіңірген қайраткерлерге беріледі.

Жаңа наградалар мәдениет пен өнер саласындағы азаматтардың еңбегін бағалауға және отандық өнердің дамуына үлес қосқан тұлғаларды ұлықтауға бағытталған.

Фото: Жасанды интеллект арқылы

Просмотров (88)