Лента новостей

Шетелдіктерге Қазақстанға кіру үшін электронды рұқсат беріледі

шетел, азаматтар, өзгерістер, цифрлану

Ішкі істер министрлігі шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ адамдардың Қазақстанға келуі, елде болуы және шығу тәртібіне өзгерістер енгізуді ұсынды, деп хабарлайды Arnapress.kz "Ашық НҚА" порталына сілтеме жасап. 

Құжатқа сәйкес, шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ тұлғаларға Қазақстан Республикасына кіруге электронды рұқсат беру жүйесін енгізу көзделген. Бұл бастама көші-қон процестерін цифрландыру, бақылауды жетілдіру және "Халықтың көші-қоны туралы" заң талаптарын іске асыру мақсатында әзірленген.

ІІМ жаңа жүйе көші-қон ағындарын есепке алудың ашықтығын, жеделдігін және тиімділігін арттырады деп есептейді. Сонымен қатар, электронды рұқсат беру жүйесі сервистік қызмет көрсетуді жетілдіруге, цифрлық инфрақұрылымды жаңғыртуға және дербес деректердің қорғалуын күшейтуге мүмкіндік береді.

Жоспарға сәйкес, электронды рұқсат беру жүйесін енгізу 2026 жылдың тамызы мен желтоқсаны аралығында кезең-кезеңімен жүзеге асырылады.

Фото: ЖИ

Просмотров (185)
ТопДок 1