Лента новостей

Бородулиха ауданында орман өрті сөндірілуде

өрт, сөндіру, Бородулиха

"Семей орманы" мемлекеттік орман табиғи резерватының Бородулиха филиалы аумағында орман өрті тіркелді, деп хабарлайды Arnapress.kz Бородулиха ауданы әкімдігіне сілтеме жасап. 

Алдын ала мәлімет бойынша, өрт 16 шілде күні таңғы сағат 09:45-те Қамышенка орманшылығының 57-орамында шыққан.

Өртті сөндіруге мемлекеттік орман күзетінің қызметкерлері, Төтенше жағдайлар министрлігінің бөлімшелері, арнайы техника мен су төгетін құрылғымен жабдықталған әуе кемесі жұмылдырылды. Кейін қосымша күш ретінде автокөліктер, тракторлар, орман өртін сөндіру патрульдері, сондай-ақ AS350 және Ми-8 тікұшақтары тартылды.

Қазіргі уақытта өртті оқшаулау және сөндіру жұмыстары жалғасуда. Жағдай жауапты мекемелердің тұрақты бақылауында.

Фото: ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігінің баспасөз қызметі

Просмотров (125)
ТопДок 1