Лента новостей

Үржарда шекарашыға жасалған шабуыл: сот үкімі өзгеріссіз қалды

сот, шешімі, шекара, құқық

Қылмыстық істер жөніндегі кассациялық сот билік өкіліне қатысты күш қолдану фактісі бойынша қылмыстық істі қайта қарап, үкімнің заңдылығын растады, деп хабарлайды Arnapress.kz. Қылмыстық істер жөніндегі кассациялық сотқа сілтеме жасап. 

Іс материалдарына сәйкес, 2023 жылғы 1 қыркүйекте Үржар ауданында шекара қызметкері қызметтік міндетін атқару кезінде жүк көлігінің жүргізушісіне әкімшілік құқық бұзушылық бойынша ескерту жасаған.

Сол түні жүргізуші мен оның танысы алкогольдік масаң күйде қызметкердің үйіне әдейі келіп, оны сыртқа шығарып, соққыға жыққан. Жәбірленуші қашуға тырысқанымен, күдіктілер оны қуып жетіп, күш қолдануды жалғастырған. Салдарынан оның жақ және мұрын сүйектері сынған.

Кассациялық сот сотталғандардың әрекетін қасақана жасалған ауыр қылмыс деп таныды. Сот мәліметінше, шабуыл алдын ала жоспарланған, ал келтірілген соққылар жәбірленушінің өміріне нақты қауіп төндірген.

Нәтижесінде, сотталғандарға қатысты Қылмыстық кодекстің 380-бабы 6-бөлігі 4) тармағы бойынша үкім заңды деп танылып, амнистия актісі қолданылған күйде 8 жыл 4 ай мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы күшінде қалдырылды.

Сот шешімі заңды әрі әділ деп бағаланды.

Фото: ЖИ

Просмотров (243)
ТопДок 1