Лента новостей

Атырау облысында жылына 130 тоннаға дейін балық өндіретін жаңа кешен іске қосылды

балық, өсіру, Атырау

Махамбет ауданында "А-Дана" шаруа қожалығы заманауи балық өсіру кешенін пайдалануға берді, деп хабарлайды Arnapress.kz ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің Балық шаруашылығы комитеті баспасөзіне сілтеме жасап. 

Кәсіпорын жылына 130 тоннаға дейін тауарлық балық немесе 15 миллион данаға дейін бекіре тұқымдас шабақ өсіруге қауқарлы.

Кешенде 28 бассейн, 400 инкубациялық науа, биофильтрлер және суды тазартудың заманауи жүйелері орнатылған. Сондай-ақ өнім сапасын сақтау үшін арнайы тоңазытқыш камералар қарастырылған.

Қазіргі уақытта балықты толық өсіруге арналған тоғандардың құрылысы аяқталуға жақын. Жоба аясында тұйық су айналымы жүйесі енгізіліп, өндірістің толық циклі қамтамасыз етіледі.

Мамандардың айтуынша, бұл жоба өңірдегі балық шаруашылығын дамытуға серпін беріп, бағалы балық түрлерін көбейтуге мүмкіндік жасайды.

Фото: ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің Балық шаруашылығы комитеті баспасөзі

Просмотров (152)
ТопДок 1