Лента новостей

Өскеменде әскери бөлім командирі мен оның екі орынбасары қызметтерінен босатылы

әскери, бөлім, өлім

Өскемен гарнизонындағы әскери бөлімдердің бірінде сарбаз Қ. Оспановтың қаза болу дерегі бойынша қозғалған қылмыстық іс бойынша тергеу аяқталды. Бұл туралы Бас әскери прокуратураның арнайы прокурорлары мәлімдеді, деп хабарлайды Arnapress.kz

Тергеу барысында батальон және взвод командирлерінің бірнеше рет жарғыдан тыс қарым-қатынасқа жол бергені анықталған. Сонымен қатар, қаза болған әскери қызметшіге және оның алты әріптесіне психологиялық қысым көрсетілгені белгілі болды.

Сондай-ақ, взвод командирі қару-жарақты сақтау тәртібіне тиісті бақылау жүргізбей, қызметтік міндеттерін орындауда салғырттық танытқаны белгілі болды.

Жүргізілген тергеу нәтижесінде жеткілікті дәлелдемелер жиналып, барлық қажетті сараптамалар қысқа мерзімде аяқталған. Іске қатысы бар тұлғалар толық анықталды.

Қылмыстық іс билікті асыра пайдалану және қызметке салғырт қарау баптары бойынша бірнеше эпизодты қамтып, мәні бойынша қарау үшін сотқа жолданды.

Оқиғаға байланысты бірқатар кадрлық шешімдер де қабылданды. Атап айтқанда, әскери бөлім командирі мен оның екі орынбасары қызметтерінен босатылып, 9 лауазымды тұлға тәртіптік жауапкершілікке тартылған.

Бас әскери прокуратура мұндай істерді тергеп-тексерудің толықтығын, жан-жақтылығын және объективтілігін қамтамасыз ету бағытындағы жұмыстарды жалғастыратынын атап өтті. Сонымен қатар, тергеу әрекеттерін жүргізу әдістемесі жетілдіріліп, сараптамаларды жедел жүргізу үшін құзырлы органдармен бірлескен шаралар қабылданған.

Фото: ЖИ

Просмотров (106)
ТопДок 1