Лента новостей

Семейде "Кітапхана түні" - рухани кеш!

Кітапхана түні, іс-шара, рухани кеш

Семейде кітапсүйер қауымға арналған ерекше мәдени кеш өтеді. Абай атындағы облыстық әмбебап кітапхана тұрғындар мен қала қонақтарын "Ұлттық кітап күні" аясында ұйымдастырылатын "Кітапхана түніне" өтеді, деп хабарлайды Arnapress.kz Абай атындағы кітапханаға сілтеме жасап.

Шара 20 сәуір күні сағат 18:00-ден 21:00-ге дейін Абай көшесі, 86 мекенжайында өтеді.

Кеш бағдарламасы мазмұнға бай. Қонақтарды кең көлемді кітап көрмелері, қолөнершілердің этно-көрмелері, әдеби квиздер мен шеберлік сағаттары күтеді. Сонымен қатар библио-терапиялық тренингтер, ұлттық ойындар, жасанды интеллектке негізделген интерактивті ойындар және флешмоб ұйымдастырылады.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, бұл кеш – кітап пен руханият тоғысқан ерекше алаң. Қала тұрғындарына жаңа әсер сыйлап, кітапқа деген қызығушылықты арттыруды көздейді.

Фото: Абай атындағы кітапхана

Просмотров (135)
ТопДок 1