2017 жылы Семей қаласынан шығып, хабар-ошарсыз кеткен 27 жастағы ер адамның тұлғасы ДНҚ сараптамасының көмегімен анықталды, деп хабарлайды Arnapress.kz Polisia.kz cілтеме жасап.
Аталған азаматтың сүйегі араға жылдар салып Қызылорда облысынан табылған. Жүргізілген молекулалық-генетикалық зерттеу нәтижесінде оның жеке басы расталып, оның дәл сол із-түзсіз жоғалған семейлік тұрғын екені белгілі болды.
ІІМ мәліметінше, ведомствоның криминалистикалық зертханалары ауыр және аса ауыр қылмыстарды ашуда тиімді нәтиже көрсетіп отыр. Адам өлтіру, зорлау деректері, соның ішінде кәмелетке толмағандарға қатысты істер де ашылып, кейбірі бойынша сот үкімдері шығарылған.
Сонымен қатар, хабар-ошарсыз кеткен азаматтарды анықтау жұмыстары да жүйелі түрде жүргізілуде.
"Заманауи тергеу тәсілдері мен криминалистиканың мүмкіндіктері қылмыс жасалған уақытқа қарамастан, тұлғаларды анықтауға және қылмыскерлерді табуға мүмкіндік береді. Ешбір қылмыскер жазасыз қалмауға тиіс – бұл Заң мен Тәртіптің басты қағидаты", - деді ІІМ баспасөз хатшысы Шұғыла Тұрлыбек.
Ведомство өткен жылдардағы ашылмаған істерді тергеу және із-түзсіз кеткен азаматтардың тағдырын анықтау жұмыстарын жалғастыратынын атап өтті.
Фото: ЖИ
