Лента новостей

Семейде ұландық сарбаздар қайғылы оқиғаның алдын алды

Ұлан. сарбаз, құтқарды, бала

Семей қаласында ҚР ІІМ Ұлттық ұланының 5511 әскери бөлімінің әскери қызметшілері ықтимал қайғылы жағдайдың алдын алды, деп хабарлайды Arnapress.kz ҚР Ұлттық ұланның баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Оқиға жаңа шағын аудандардың бірінде қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету барысында болған. Әуезов даңғылын патрульдеу кезінде сарбаздар көпқабатты үйдің үшінші қабатындағы ашық терезе алдында ересектердің қарауынсыз тұрған кішкентай баланы байқайды. Бала терезе алдында ойнап, сыртқа ұялы телефон мен кілттерді лақтырып тұрған.

Қауіпті жағдайды бірден аңғарған әскери қызметшілер жедел әрекет етіп, терезе астына жиналып, бала құлап кеткен жағдайда қағып алуға дайын тұрған. Сонымен қатар, жасақ бастығы ефрейтор Дәулет Сейдалы пәтерге кіріп, үй ішінде ересектердің бар-жоғын тексеріп, бірден полиция қызметкерлерін шақырған. Көп ұзамай баланың әкесі келіп, жағдай бақылауға алынды.

Жедел әрі үйлесімді әрекеттің арқасында сарбаздар қайғылы жағдайдың алдын алып, тағы бір баланың өмірін сақтап қалды.

Фото: ҚР Ұлттық ұлан баспасөз қызметі

Просмотров (138)
ТопДок 1