Лента новостей

Зайсанда түнгі атыс: жас жігіт ауыр жараланды

атыс, қашу, Зайсан, ұсталды

Шығыс Қазақстан облысының Зайсан қаласында қарулы шабуыл жасалғаны туралы ақпарат тарады. Оқиға жөнінде Arnapress.kz Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап хабарлады.

Алғашқы мәліметтер әлеуметтік желілерде пайда болған. Онда түнгі уақытта белгісіз екі адамның 2005 жылы туған жігітті арқасынан атып жаралағаны айтылған. Зардап шеккен азамат дереу аудандық ауруханаға жеткізіліп, жансақтау бөліміне жатқызылған.

Күдіктілер оқиға орнынан көлікпен қашып кеткенімен, кейін полиция қызметкерлері оларды ұстап, қолға түсірген. Шығыс Қазақстан облыстық Полиция департаменті екі адамның анықталып, ізін суытпай ұсталғанын сайтқа растаған.

Аталған дерек бойынша адам өлтіруге оқталу бабы негізінде сотқа дейінгі тергеу басталды. Қару тәркіленіп, күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Қазіргі уақытта оқиғаның себептері мен барлық мән-жайын анықтау үшін тергеу амалдары жүргізілуде. Тергеу мүддесіне байланысты өзге ақпарат жария етілмейді.

Фото: ЖИ

Просмотров (152)
ТопДок 1