Семей қаласында үйге арналған тауарлар сататын жаңа Tandau дүкені жұмысын бастады. Бұл тек тұрмыстық химия мен косметика сататын сауда нүктесі ғана емес, сонымен қатар офлайн сатып алу мен үйге жеткізу қызметі онлайн сервисті біріктірген гибридті формат. Команда арнайы мобильді қосымшаны да іске қосты. Онда тапсырыс беріп, жеткізу қызметін пайдаланып, бонустар жинап, түрлі акцияларға қатысуға болады.
Гибридті формат неге ыңғайлы
“Гибрид” форматы екі мүмкіндікті қатар ұсынады. Енді сатып алушы дүкенге бару немесе онлайн тапсырыс беру арасында таңдау жасамайды – жағдайға қарай екеуін де пайдалана алады:
• шұғыл қажет болса, жолай кіріп, орнында сатып алуға болады;
• уақыт үнемдегіңіз келсе – қосымша арқылы үйге жеткізіп беруге тапсырыс бересіз;
• дүкенде ұнаған тауарды кейін онлайн бірнеше батырмамен қайта сатып алуға болады.
Семей үшін мұндай формат әлі сирек, ал Tandau дәл осы ыңғайлылық пен икемділікке басымдық беріп отыр.
Семейге эксклюзив − Rano Komfort Service қазақстандық бренді
Дүкеннің басты ерекшелігі − Семейде баламасы жоқ Rano Komfort Service бренді өнімдерінің ұсынылуы. Компания 2020 жылы Тараз қаласында құрылған, тұрмыстық, косметикалық және автокөлік химиясын өндіреді. Өнімдер неміс технологиялары негізінде жасалып, экологиялық қауіпсіздікке бағытталған.

Бұл қарапайым тұрмыстық химия емес, өсімдік компоненттері негізінде жасалған экоөнімдер. Құрамында мүлде жоқ:
• беттік-белсенді заттар (ПАВ);
• фосфаттар;
• хлор;
• хош иістендіргіштер;
• бояғыштар.
Өнімдер гипоаллергенді, сезімтал терісі бар адамдарға, аллергиясы немесе экземасы бар тұтынушыларға жарамды. Сондай-ақ құрамында химиялық қоспасы жоқ сабындар бар – олар теріні құрғатпайды, бұл көптеген адам үшін маңызды.
Ассортимент: тазалықтан бастап балалар тауарларына дейін
Tandau дүкенінде түрлі брендтердің түпнұсқа өнімдері ұсынылған. Сонымен қатар кең ассортимент бар:
• тұрмыстық химия;
• күтім косметикасы;
• кір жуу және тазалық құралдары;
• балалар тауарлары;
• экоөнімдер.
Қазірдің өзінде кейбір тауарлар нарықтағы бағадан төмен ұсынылуда.

Жай ғана дүкен емес
Tandau – бұл тек сауда орны емес, сонымен қатар үй мен отбасы үшін қауіпсіз әрі қолжетімді өнімдерді саналы түрде таңдауға мүмкіндік беретін орын.
Мекенжайы: Семей қаласы, Физкультурная көшесі, 4а. Дүкен жаңалықтары мен ассортименті туралы ақпаратты Instagram желісіндегі @tandau_2026 парақшасынан білуге болады.
Қазіргі таңда мобильді қосымша тестілеу режимінде жұмыс істеп жатыр. Оны iPhone үшін App Store арқылы жүктеуге немесе Android жүйесіне QR-код арқылы немесе осы сілтеме бойынша орнатуға болады.

Бұл сервис уақыт пен қаражатты үнемдеуге мүмкіндік береді: қажетті өнімді үйден шықпай-ақ таңдап, көрсетілген мекенжайға жеткізіп алуға болады. Қосымша арқылы тапсырыс бергенде кэшбэк қарастырылған, ол да бонустар түрінде қайтарылады.
