Лента новостей

Әскерде әлімжеттік енді жасанды интеллект арқылы бақыланады

әскер, әлімжеттік, бақылау

Президенттің цифрландыруды дамыту жөніндегі тапсырмасы аясында Ұлттық ұланның 5573 әскери бөлімде пилоттық режимде іске қосылған, деп хабарлайды Arnapress.kz Ішкі істер министрлігіне сілтеме жасап.

Әскери бөлім аумағына орнатылған бейнекамералар енді тек жазып қана қоймай, жасанды интеллект арқылы сарбаздардың мінез-құлқын талдай алады. Жүйе олардың көңіл-күйіндегі өзгерістерді, күмәнді әрекеттерді автоматты түрде анықтайды.

"Егер сарбаздардың әрекетінен агрессия байқалса, жасанды интеллектке негізделген жүйе бөлім командирлеріне, тәрбиешілер мен психологтарға мессенджер арқылы сигнал жібереді. Бұл дер кезінде әрекет етуге мүмкіндік береді", – деді Ұлттық ұланның ресми өкілі Әлібек Абдилов.

Барлық бейнематериал арнайы платформада сақталады, әрі талдау үшін қолжетімді болады.

Фото: ЖИ

Просмотров (109)
ТопДок 1