Лента новостей

ШҚО-да тағы бір ауыл "Ішімдіксіз ауыл" бастамасын қолдады

ішімдіксіз ауыл, Бозша, ШҚО

Шығыс Қазақстан облысының Тарбағатай ауданындағы Бозша ауылы "Ішімдіксіз ауыл" бастамасына қосылып, өңірде алкоголь өнімдерін сатудан толықтай бас тартқан 26-шы елді мекенге айналды, деп хабарлайды Arnapress.kz polisia.kz сілтеме жасап.

Бұл бастама ауыл тұрғындарының бірауыздан қолдауына ие болды. Игі ұсынысты алғаш болып ауыл жастары көтеріп, оны ақсақалдар мен қарияларға жеткізген. Нәтижесінде, бүкіл ауыл халқы бұл шешімді қолдады.

Бозша ауылында 154 тұрғын тұрады, шамамен 60 үй бар. Елді мекен белсенді жастарымен және спортқа бейім ұрпағымен ерекшеленеді. Мұнда спорттық іс-шаралар тұрақты түрде өткізіліп, салауатты өмір салты қалыпты құбылысқа айналған.

Мамандардың айтуынша, алкоголь өнімдерін сатуға шектеу енгізілген ауылдарда құқық бұзушылық деңгейі айтарлықтай төмендейді. Әсіресе, мас күйінде жасалатын қылмыстар, отбасылық-тұрмыстық жанжалдар мен ұсақ бұзақылық деректері азайған.

Айта кетейік, 2025 жылы өңірде 21 "ішімдіксіз ауыл" болса, бүгінде олардың саны 26-ға жетіп отыр. Бұл бағыттағы жұмыстар жергілікті атқарушы органдар, қоғамдық кеңестер және полиция қызметкерлерінің бірлесуімен жүзеге асырылуда.

Фото: ЖИ

Просмотров (131)
ТопДок 1