Лента новостей

Азаматтарға ескерту: SMS пен жалған eGov сайттарына сенбеңіз

алаяқтық, жаңа түрі, eGov

Қазақстанда интернет-алаяқтықтың жаңа түрі анықталды. Қаскөйлер мемлекеттік қызметтерге деген сенімді пайдаланып, азаматтардың банк деректерін ұрлауға көшкен, деп хабарлайды Arnapress.kz polisia.kz сілтеме жасап. 

Мамандардың мәліметінше, тұрғындардың ұялы телефондарына ресми байланыс орталығының атынан хабарлама келеді. Онда әкімшілік айыппұл салынғаны айтылып, оны тексеру немесе төлеу үшін арнайы сілтеме ұсынылады.

Алайда бұл — жалған сайт. Алаяқтар оны мемлекеттік порталға ұқсатып жасаған. Ең қауіптісі — сайтқа кез келген деректі енгізсеңіз де, жүйе “айыппұл бар” деген жалған ақпарат көрсетеді. Одан кейін “төлеу” батырмасын басқан жағдайда, қолданушыдан банк картасының толық деректері сұралады. Осы мәліметтер алаяқтардың қолына түссе, ақшаңыз заңсыз шешіліп алынуы мүмкін.

Мамандар мұндай алаяқтықтың басты белгісі — қате ақпарат енгізілсе де, “айыппұл бар” деген нәтиженің шығуы екенін айтады. Құқық қорғау органдары ескертеді: мемлекеттік мекемелер SMS арқылы жеке немесе банк деректерін талап етпейді. Айыппұлдарды тек ресми платформалар арқылы тексеру қажет.

Тұрғындарға күмәнді сілтемелерді ашпау, жеке мәліметтерді бөгде сайттарға енгізбеу және белгісіз хабарламаларға сенбеу ұсынылады.

Просмотров (118)
ТопДок 1