Лента новостей

Абай облысында "Қаладан ауылға" пилоттық жобасына арналған сайт іске қосылды

Қаладан ауылға, сайт, Абай облысы

Абай облысында “Қаладан ауылға” пилоттық жобасына арналған Auylga.kz сайты іске қосылды, деп хабарлайды Arnapress.kz.

Бұған дейін сайтымызда бұл жобаның ресми сайты әзірленіп жатқанын жазған едік. Қазір платформа толық іске қосылып, бағдарламаға қатысты барлық қажетті ақпарат жүктелген.

Жобаның жұмыс тобының мүшесі Қанат Тұрардың айтуынша, бастама облыс әкімі Берік Уәлиұлының ұсынысымен қолға алынған “Қаладан - Ауылға” қанатқақты жобасын іске асыру үшін арнайы жұмыс тобы құрылды. Оған аудан және ауылдық округ әкімдері жұмылдырылды. Ақпараттық - насихат жұмыстарын да жан-жақты қамтуға тырысып жатыр. Соның ішінде мәліметтер топтастырылған лифлет дайындалды. Жоба аясында қамтылатын бағдарламалар мен мүмкіндіктер жөнінде толық ақпарат осы порталда жазылады. Порталда республикалық және облыстық деңгейдегі әлеуметтік қолдау бағдарламалары топтастырылған. Сондай-ақ жобаға жауапты барлық аудан әкімдері орынбасарларының телефон нөмірлері көрсетілген. Облыстың ауылдық округтеріндегі бос жұмыс орындарын көруге болады. Сонымен қатар Enbek.kz порталының сілтемесі бекітіліп, ондағы субсидияланатын жұмыс орындарын қалай табуға болатыны туралы нұсқама да берілген. Қаладан қоныс аударушыларды қабылдауға дайын ауылдардың тізімі енгізілді, бұл тізім алдағы уақытта толықтырылады. Сондай-ақ сайтта тек осы жобаға қатысты жаңалықтар мен хабарландырулар жарияланатын арнайы жаңалықтар лентасы бар. Бұдан бөлек, 109 колл-орталығы да "Қаладан - Ауылға" жобасы бойынша ақпарат беретіндей мүмкіндікпен іске қосылды, деді Қанат Тұрар.

Айта кетейік, Auylga.kz порталында жобаға қатысу шарттары, қолдау тетіктері және ауылдарға көшу мүмкіндіктері туралы толық ақпарат орналастырылған.

Фото: жасанды интеллект арқылы

Просмотров (175)
ТопДок 1