Лента новостей

Абай облысында құрылыс саласын цифрландыру жұмыстары артта қалуда

цифрландыру, құрылыс, Абай облысы

Қазақстан Премьер-министрі Олжас Бектенов құрылыс саласын цифрландыруды жеделдетіп, заманауи цифрлық шешімдерді енгізу қажеттігін атап өтті. Бұл туралы Үкімет отырысында айтылды, деп хабарлайды Arnapress.kz.

Премьер-министрдің айтуынша, заңнаманы жаңартумен қатар құрылыс саласын цифрлық форматқа көшіру жұмыстары жүргізілуде. Атап айтқанда, Бірыңғай құрылыс порталы іске қосылып, ол саладағы ашықтықты арттыруға мүмкіндік береді. Портал әртүрлі ақпараттық жүйелерді "бір терезе" қағидаты бойынша біріктіріп, артық бюрократияны азайтып, құжаттарды қарау мерзімін қысқартуға бағытталған.

Сондай-ақ Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі мен Жасанды интеллект министрлігіне биылғы шілде айының соңына дейін жобаларды сараптауға арналған жасанды интеллект модульдерінің пилоттық режимдегі жұмысын іске қосуды қамтамасыз ету тапсырылды.

Бұдан бөлек, бас жоспарлар мен егжей-тегжейлі жоспарларды Қала құрылысы кадастрына көшіру жұмыстары жалғасуы тиіс. Үкімет басшысы саланы цифрландыру бойынша барлық жоспарларды жеделдету қажет екенін атап өтті.

Осы ретте цифрландыру жұмыстары баяу жүріп жатқан өңірлердің қатарында Абай облысы да аталды. Сонымен бірге Маңғыстау, Қызылорда, Батыс Қазақстан және Солтүстік Қазақстан облыстарына ерекше назар аудару тапсырылды.

Премьер-министр өңір әкімдіктеріне 1 маусымға дейін барлық қажетті құжаттарды пысықтап, оларды толықтай цифрлық форматқа жүктеу жұмыстарын аяқтауды тапсырды.

Фото: жасанды интеллект арқылы

Просмотров (160)
ТопДок 1