Семей қаласының тұрғындары мен қонақтары 14 наурыз – Қауышу күніне орай ұйымдастырылатын "Семей көктемі" фестивалінің ашылуына шақырады, бұл туралы мәдениет басқармасы жазды, деп хабарлайды Arnapress.kz
Іс-шара Қарағайлы шағын ауданындағы Республика алаңында өтеді. Фестивальдің басталуы – сағат 11:00-де.
Ұйымдастырушылардың айтуынша, көктемнен бастап облыс орталығында мәдени-көпшілік іс-шаралар төрт мезгілге бөлінген мәдени маусым аясында ұйымдастырылмақ. Фестиваль барысында кең көлемді театрландырылған көрініс пен концерттік бағдарлама ұсынылады.
Фото: Мәдениет басқармасы
