Лента новостей

Қазақстанда медицина қызметкерлерін қорғауға арналған жаңа заң

жаңа заң, медицина, қорғау

2026 жылғы 7 наурыздан бастап Қазақстанда медицина қызметкерлерін қорғауға бағытталған заңнамалық өзгерістер күшіне енді деп хабарлайды Arnapress.kz Денсаулық сақтау министрлігіне сілтеме жасап. 

Бұл өзгерістер дәрігерлерге, фельдшерлерге және жедел жәрдем қызметкерлеріне қарсы күш қолданғандарға жазаны күшейтуді көздейді.

Жаңа нормаға сәйкес, медицина қызметкеріне қызметтік міндетін атқарып жүрген кезде қорқыту немесе күш көрсету қылмыстық жауапкершілікке әкеледі. Сонымен қатар бұл талап жедел жәрдем көліктерінің жүргізушілеріне де қатысты.

Заңға сәйкес:

• медицина қызметкерін қорқытқан адамға 200-ден 500 АЕК-ке дейін айыппұл салынуы мүмкін немесе 2 жылға дейін бас бостандығы шектеледі;

• егер мұндай әрекет ауыр жағдайларда жасалса, жаза 3 жылға дейін күшейеді;

• денсаулыққа қауіпті емес күш қолданған жағдайда 500-ден 1000 АЕК-ке дейін айыппұл немесе 3 жылға дейін бас бостандығынан айыру қарастырылған;

• ал өмір мен денсаулыққа қауіпті күш қолданылған жағдайда 5 жылдан 10 жылға дейін, ауыр жағдайларда 7 жылдан 12 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалады.

Сонымен қатар медицина қызметкерлерінің қауіпсіздігін арттыру үшін медициналық мекемелерде қосымша шаралар қабылданады. Атап айтқанда, 2 мыңнан астам фельдшерге бейнежетон беріледі, 636 қабылдау бөлімшесіне дабыл түймелері орнатылады. Сондай-ақ бейнебақылау жүйелері жаңартылып, 152 стационарда тәулік бойы полиция посттары жұмыс істейді.

Айта кетейік, 2019 жылдан бері Қазақстанда медицина қызметкерлеріне қарсы 280-нен астам шабуыл тіркелген. Осыған байланысты мемлекет олардың қауіпсіздігін күшейтуге бағытталған шараларды қолға алып отыр.

Фото: жасанды интеллект

Просмотров (115)
ТопДок 1