Лента новостей

Таяу Шығыс елдерінен тағы 314 адам Қазақстанға жеткізілді

Таяу шығыс, Қазақстан, азаматтар, жеткізілді

Таяу Шығыс елдерінен тағы 314 адам елге оралды, деп хабарлайды Аrnapress.kz ҚР КМ Азаматтық авиация комитетіне сілтеме жасап

Ведомствоның мәліметінше, SCAT әуекомпаниясы Boeing 767 ұшағымен Алматы - Маскат - Алматы бағыты бойынша DV5361 рейсін орындаған. Нәтижесінде 314 адам Қазақстанға жеткізілген, оның ішінде балалар да бар.

"Қазақстан азаматтарын елге қайтару жұмыстары уәкілетті мемлекеттік органдар мен әуекомпанияларының үйлестіруімен жалғасып жатыр", - делінген хабарламада.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Air Astana әуекомпаниясы Медина мен Жиддадан бірнеше рейс орындап, 640 адамды елге жеткізген болатын.

Сондай-ақ Flydubai әуекомпаниясы Дубайдан Астана мен Алматыға екі эвакуациялық рейс орындап, нәтижесінде 306 азамат Қазақстанға оралды.

Фото: жасанды интеллект арқылы

Просмотров (120)
ТопДок 1