Лента новостей

10 наурызға жоспарланған репатриациялық рейстер

рейстер, БАӘ, жолашылар

Air Astana компаниялар тобы Біріккен Араб Әмірліктерден 28 ақпан мен 10 наурыз аралығында рейстері тоқтатылған Air Astana және FlyArystan әуе компанияларының жолаушыларын алып кету үшін 10 наурызда репатриациялық рейстерді орындауды жоспарлап отыр деп хабарлайды Arnapress.kz компанияның баспасөз қызметіне сілтеме жасап

Репатриациялық рейстер Оман астанасы Маскат арқылы мынадай кестеге сәйкес орындалады:

KC2264 Маскат-Алматы рейсі
ұшып шығу 12:30, ұшып келу 17:40.
KC2258 Маскат-Алматы рейсі
ұшып шығу 14:30, ұшып келу 19:40.
KC2254 Маскат-Алматы рейсі
ұшып шығу 16:30, ұшып келу 21:40.

Жергілікті уақыт көрсетілген.

Жолаушыларға Дубайдан Маскатқа тегін трансфер ұсынылады.

Әуе компаниялар тобы Таяу Шығыстағы жағдайды мұқият қадағалауды және қазақстандықтардың отанына қауіпсіз оралуы үшін күш салуды жалғастыруда.

Трансфер бойынша жолаушылардан билеттерді сатып алу орны бойынша туроператорларға немесе әуе компаниялардың байланыс орталықтарына хабарласуларын сұраймыз.

Байланыс:

Air Astana
Брондау және ақпарат орталығы (24/7):
help.airastana.com
+7 727 244 4477
+7 7172 584477
+7 702 702 4477
Рейстерді кешіктірген жағдайда жедел желі: +7 7272 44 44 78
WhatsApp: +7 702 702 00 74
Online chat: airastana.com

FlyArystan

WhatsApp: + 7 702 702 02 27
Live-chat: FlyArystan app/flyarystan.com
  +7 727 3311010 (08:00 – 20:00)

Фото: Жасанды интеллект

Просмотров (121)
ТопДок 1