Лента новостей

Кәсіпкер Михаил Шайдоровтың әкесіне уәделі көліктің кілтін табыстады

көлік, сыйлық, Шайдоров, әкесі, кәсіпкер

Кәсіпкер Арсен Томский Милан – Кортина қысқы Олимпиадасы чемпионы Михаил Шайдоровтың әкесі, алғашқы жаттықтырушысы Станислав Шайдоровқа уәде еткен Audi Q8 автокөлігін табыстады деп хабарлайды Аrnapress.kz кәсіпкердің әлеуметтік желісіне сілтеме жасап.

Оның айтуынша, Олимпиада чемпионының тарихи жеңісінің артында жылдар бойғы тынымсыз еңбек, темірдей тәртіп пен үлкен құрбандық жатыр.

"Мен Audi Q8 көлігін Станислав Шайдоровқа – Олимпиада чемпионы Михаил Шайдоровтың әкесіне, алғашқы жаттықтырушысына және осы жеңістің бастауында тұрған адамға сыйға тарттым. Михаил керемет әрі тарихи өнер көрсетіп, алтын медаль жеңіп алды. Бұл жеңіс Қазақстанда және шетелде миллиондаған адамға шабыт сыйлады. Бірақ бұл салтанатты сәттің артында күнделікті маңдай тер, табандылық пен өзін-өзі құрбан ету тұр", – деп жазды Арсен Томский.

Сондай-ақ кәсіпкер Станислав Шайдоровтың бір кездері ұлының болашағы үшін өз көлігін сатуға мәжбүр болғанын атап өтті. Бұл жағдайдың өзіне де жақын екенін жеткізді.

"Бір уақытта Станислав Александрович ұлының үлкен мақсатқа жетуі үшін өз көлігін сатты. Бұл маған да таныс жағдай. Мен де өзім сенген іс үшін екі рет көлігімді саттым: бірінде қиын кезеңде командаға жалақы төлеу үшін, екіншісінде қаржы жетіспегенде Якутия құрамасын киберспорт чемпионатына жіберу үшін", – деді ол.


Көлікке "Чемпион үшін рахмет. Барлық қазақстандықтардан" деген жазу жазыған.
Еске салайық, Михаил Шайдоров Олимпиада чемпионы атанған сәтте Арсен Томский оның әкесі әрі жаттықтырушысы Станислав Шайдоровқа жаңа автокөлік сыйлайтынын жариялаған болатын.

Фото: Арсен Томский парақшасынан

Просмотров (225)
ТопДок 1