Лента новостей

Семейдегі мектеп маңындағы көшеде жарық қосылды

жарық қосылды, мектеп маңы, Қарағайлы

Қарағайлы тұрғын үй кешеніндегі мектеп маңынан өтетін көшедегі жарық мәселесі шешімін тапты. 5 ақпан кешкі уақытта аталған көшеде жарық шамдары іске қосылды, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі.

Еске салайық, бұған дейін сайтымызда Қарағайлы ықшам ауданында жарық бағаналары орнатылғанымен, ұзақ уақыт бойы іске қосылмағанын жазған едік. Осы жарияланымнан кейін Семей әкімдігі жарықтандыруды қосу жұмыстары жүргізіліп жатқанын, ал толық іске қосу 10 ақпанға дейін жоспарланғанын хабарлаған болатын.

Алайда, тұрғындардың айтуынша, жарық берілген. Бұл әсіресе кешкі уақытта мектеп оқушылары мен жаяу жүргіншілер үшін үлкен қолайлылық туғызды.

Фото: Arnapress.kz

Просмотров (628)
ТопДок 1