Семей қаласында ұлттық зияткерлік ойындарды дәріптеуге бағытталған «Абайдың зияткерлік ізімен» атты тоғызқұмалақ үйірмесі өз жұмысын бастады, деп хабарлайды Arnapress.kz. Өңірлік коммуникациялар қызметіне сілтеме жасап.
Үйірме Абай облысының Қоғамдық келісім орталығы мен өңірлік тоғызқұмалақ федерациясының бірлесуімен ашылған. Жоба жастардың ой-өрісін кеңейтіп, ұлттық мұраға деген қызығушылығын арттыруды көздейді.
Тоғызқұмалақ – халқымыздың сан ғасырлық мәдени мұрасынан орын алған зияткерлік ойын. Ол логикалық ойлауды, есепке жүйріктікті, алдағы қадамды алдын ала болжай білуді және тактикалық шешім қабылдау қабілетін дамытады.
Үйірменің ашылу рәсімі облыстық Достық үйінде өтті. Іс-шара Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен бекітілген Қазақстан халқы Ассамблеясын 2030 жылға дейін дамыту тұжырымдамасы аясында ұйымдастырылды.
Үйірмені тәжірибелі жаттықтырушы Леонид Парфиев жүргізеді. Оның айтуынша, ол тоғызқұмалақпен 2000 жылдан бері айналысып келеді.
Фото: Өңірлік коммникациялар қызметі
