Лента новостей

Семей қаласында ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтуде

Бүгін жақын маңдағы аудандардың ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерінің қатысуымен Семей қаласында ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтуде, деп хабарлайды Arnapress.kz Семей қаласы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Ауыл шаруашылығы жәрмеңкесін өткізу орындары:

  • "Северный" сауда-логистикалық орталығы − Бородулиха ауданы;
  • "Jolaman" көтерме-тарату орталығы − Бескарагай ауданы;
  • "Baza R" әлеуметтік нарығы − Жарма ауданы.

Қала тұрғындарын, қонақтарын және кәсіпорындардың, мекемелердің, ұйымдардың қызметкерлерін жәрмеңкеге қатысуға және ауыл шаруашылығы өнімдерін делдалдарсыз қолжетімді бағамен сатып алуға шақырады.

Фото: Семей қаласының әкімдігінің баспасөз қызметі

Просмотров (4188)
ТопДок 1