Лента новостей

Бесқарағай ауданының үш ауылында мәдениет нысандары салынып жатыр

Бесқарағай ауданы, жаңа нысан, Бесқарағай үні

Бесқарағай ауданында ауылдық елді мекендердің мәдени инфрақұрылымын дамыту бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жүргізілуде деп хабарлайды Arnapress.kz Абай облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қазіргі таңда Беген, Глуховка және Ерназар ауылдарында әрқайсысы 100 орындық Мәдениет үйлерінің құрылысы қарқынды жүріп жатыр.

Айта кетейік, Беген ауылы – қазақ өнерінің көрнекті өкілдері, композитор әрі ақын Төлеген Мұхамеджанов пен ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, профессор, Қазақстанның еңбек сіңірген мәдениет қайраткері және еңбек сіңірген әртісі Меңтай Өтепбергенов дүниеге келген қасиетті мекен.

Жалпы, Бесқарағай ауданында қазіргі уақытта 1 Мәдениет үйі, 10 ауылдық клуб, 1 орталық кітапхана және 19 ауыл кітапханасы тұрғындарға тұрақты қызмет көрсетіп келеді. Аудандық Мәдениет үйі жанынан «Бесқарағай үні» ұлттық аспаптар ансамблі, «Экситон» халық би ансамблі, «Чародей» үлгілі би ансамблі және халық театры жұмыс істейді.

Аталған ауылдардағы мәдениет нысандарының құрылысы биыл аяқталып, пайдалануға берілмек.

Фото:Абай облысы әкімінің баспасөз қызметі

Просмотров (234)
ТопДок 1