Лента новостей

Қазақстандық "Әбіл" көркем фильмі Франция кинотеатрларында көрсетіледі

кинотеатр

Қазақстандық "Әбіл" көркем фильмі Франция кинотеатрларында көрсетіледі. Картина 14 қаңтардан бастап Франция аумағындағы бірқатар кинотеатрларда прокатқа шығады. Бұл туралы фильмнің режиссері Елзат Ескендір мәлімдеді деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Adyrna.kz сілтеме жасап. 

Режиссердің айтуынша, туындыны Франция аумағында прокатқа шығару Damned Films француз кинокомпаниясы, Ш.Айманов атындағы "Қазақфильм" ұлттық киностудиясы және фильмнің халықаралық насихат жұмыстарымен айналысқан Tanaris кинокомпаниясы арасындағы келісім негізінде жүзеге асырылып отыр.

"Фильмнің француз көрермендеріне жол тартқанына ерекше қуаныштымыз. Және фильмнің халықаралық продюсері Юлия Кимге зор алғысымызды білдіреміз", – деді Елзат Ескендір.

Айта кетейік, "Әбіл" фильмі бұған дейін Францияда өткен 31-Vesoul халықаралық Азия кинофестивалінде жоғары бағаланып, үш бірдей марапатқа ие болған. Аталған жетістік фильмнің халықаралық прокатқа жол ашуына ықпал еткен.

Жалпы, "Әбіл" фильмі – қазіргі қоғамдағы адам тағдыры мен ішкі қайшылықтарды терең көрсететін туынды. Картина отандық киноөнердің әлеуетін танытып, шетелдік көрермендерге қазақ кинематографиясының өзіндік ерекшелігін ұсынуды мақсат етеді.

Фото жасанды интеллект арқылы жасалды

Просмотров (1620)
ТопДок 1