Лента новостей

Абай облысында 13 тұрғын үйдің құрылысы аяқталуға жақын

құрылыс, жоспар, Қарағайлы, нысан

Абай облысында құрылыс-монтаж жұмыстары белгіленген жоспардан асып түсті. Қаңтар-тамыз айларына жоспарланған 174 млрд теңгенің орнына 195 млрд теңгенің жұмысы орындалған, деп хабарлайды Arnapress.kz облыс әкімдігінің баспасөзіне сілтеме жасап. 

Бүгінде бюджет қаражаты есебінен облыста 24 әлеуметтік нысанда құрылыс және жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Сонымен қатар, "Абайға құрмет" акциясы аясында спорт және мәдениет нысандары салынуда.

Қарағайлы ықшам ауданындағы тұрғын үй құрылысы да назарда. 2024 жылдан бері салынып жатқан 13 үйде 712 пәтер бар. Үш үйде құрылыс толық аяқталып, қабылдау жұмыстары жүргізілуде. Қалған нысандардың дайындық деңгейі 90-95%.

Тұрғын үйлерді қыркүйек-қараша айларында кезең-кезеңімен пайдалануға беру жоспарланған. Инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылым тарту жұмыстары да қатар жүргізілуде.

Биыл Қарағайлыда жалпы аумағы 25 мың шаршы метрден асатын 342 пәтерлік тағы төрт несиелік тұрғын үйдің құрылысы басталды.

Облыс әкімі Берік Уәли құрылыс қарқыны төмен нысандардағы жұмысты жандандыруды, дайын нысандарды уақыт созбай пайдалануға беруді және құрылыс сапасына ерекше мән беруді тапсырды.

Фото: Облыс әкімінің баспасөзінен

Просмотров (434)
ТопДок 1