Лента новостей

Семейдің қала келбетін көркейту жұмыстары жалғасуда

қасбет, жөндеу, жарық

Семей қаласының сәулеттік келбетін жақсарту бағытындағы жұмыстар кезең-кезеңімен жалғасуда, деп хабарлайды Arnapress.kz қала әкімдігі баспасөзіне сілтеме жасап

Көпқабатты тұрғын үйлердің қасбеттері жаңартылып, заманауи сәулеттік жарықтандыру жүйелері орнатылуда.

Бүгінде Ломоносов көшесі, 24 мекенжайындағы тұрғын үйдің қасбетін жөндеу және сәулеттік жарықтандыру жұмыстары толық аяқталды. Қазіргі уақытта Түрксіб көшесі, 30 мекенжайындағы көпқабатты үйде тиісті жұмыстар жүргізілуде.

Бұған дейін Құнанбай көшесі бойындағы тұрғын үйлердің қасбеттері жаңартылып, сәулеттік жарықтандыру жүйелері орнатылған болатын.

Қаланың көркін арттыруға бағытталған жұмыстар алдағы уақытта да жалғасын табады.

Фото: Семей қаласы әкімдігінің баспасөзі

Просмотров (306)
ТопДок 1