Лента новостей

Семейдегі базарлар кезең-кезеңімен жаңартылып жатыр

базарлар, жаңарту

Семейдегі сауда базарлары жаңарып, қала келбеті кезең-кезеңімен жаңғыртылып жатыр, деп хабарлайды Arnapress.kz облыс әкімінің баспасөзіне сілтеме жасап.

Облыс әкімінің қатысуымен өткен аппараттық кеңесте базарларды ретке келтіру, заңсыз құрылыстарды жою және сауда нысандарының сыртқы келбетін жаңарту мәселелері қаралды.

Қазіргі таңда "СМОКК" базарында дайындық жұмыстары жүріп жатыр. Инженерлік желілер тартылып, ескі контейнерлер мен шатырлар алынуда. Ал кәсіпкерлердің бір бөлігі уақытша басқа сауда орындарына көшірілген. Жақын уақытта құрылыс-монтаж жұмыстары басталмақ.

"Мереке" базарында да құрылыс алаңы дайындалып, контейнерлерді демонтаждау жұмыстары жүргізілуде. Құрылысты жаз айларында бастау жоспарланған. Сонымен қатар, "Ақшың", "Жансая", "Нива" сауда нысандары мен бірқатар қонақ үйлерде жаңғырту және қасбеттерді жаңарту жұмыстары қолға алынған.

Аймақ басшысы жауапты мекемелерге жол қауіпсіздігін бақылауда ұстап, жаңғырту жұмыстарының уақытылы әрі сапалы орындалуын қамтамасыз етуді тапсырды. Сондай-ақ аудан орталықтарындағы сауда нысандары да назардан тыс қалмайтыны айтылды.

Фото: Абай облысы әкімінің баспасөз қызметі

Просмотров (112)
ТопДок 1