Лента новостей

Үздік курсанттарға енді "аға лейтенант" атағы беріледі

әскери, қызмет, аға лейтенант

19 мамырда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік қызмет мәселелері бойынша бірқатар заңнамалық өзгерістерді қамтитын заңға қол қойды, деп хабарлайды Arnapress.kz Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігіне сілтеме жасап. 

Осыған байланысты "Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы" заңға толықтырулар әзірленді. Жаңа өзгерістер әскери оқу орындарының үздік түлектеріне қатысты болмақ.

Енді Қазақстанның және шет мемлекеттердің әскери, арнаулы жоғары оқу орындарын үздік тәмамдаған курсанттарға бірден "аға лейтенант" әскери атағы беріледі. Сонымен қатар, олар қызмет орнын өз қалауынша таңдау мүмкіндігіне ие болады.

Жаңашылдықты іске асыру үшін Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы №124 Жарлығына да өзгерістер енгізу жоспарланған. Аталған құжат әскери қызмет өткеру қағидаларын жаңа заң талаптарына сәйкестендіреді.

Мамандардың айтуынша, бұл бастама әскери қызметшілердің әлеуметтік кепілдіктерін күшейтіп, курсанттардың білім мен қызметтегі жетістіктерге ұмтылысын арттыруға бағытталған.

Фото: ЖИ

Просмотров (99)
ТопДок 1