Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің бұйрығына сәйкес, 2025–2026 оқу жылындағы мектеп бітірушілерге арналған қорытынды аттестацияның мерзімдері анықталды, деп хабарлайды Arnapress.kz ҚР Оқу-ағарту министрлігіне сілтеме жасап.
9-сынып оқушылары үшін қорытынды емтихандар 2026 жылғы 29 мамыр мен 11 маусым аралығында өтеді. Оқушылар міндетті пәндер бойынша төрт жазбаша емтихан тапсырады.
11-сынып түлектерінің мемлекеттік емтихандары 2026 жылғы 2-15 маусым аралығына жоспарланған. Түлектер бес емтихан тапсырады, оның біреуі ауызша форматта өтеді.
Негізгі және жалпы орта білім туралы аттестаттарды салтанатты түрде табыстау рәсімі 2026 жылғы 17-18 маусым күндері ұйымдастырылады.
Аттестат тапсыру іс-шаралары мектеп директорларының бұйрығы негізінде, ата-аналар комитетімен келісім арқылы білім беру ұйымдарының ғимараттарында өткізіледі.
Фото: ЖИ
