Лента новостей

Журналистер емханалар жұмысымен танысты: Семейде баспасөз-туры өтті

емхана, баспасөз-тур, медицина, қызмет

Абай облысында денсаулық сақтау саласының жұмысына арналған баспасөз-туры өтті, деп хабарлайды Аrnapress.kz

Іс-шара барысында 2026 жылдың І тоқсаны бойынша өңірдегі медициналық ұйымдардың қызмет қорытындылары таныстырылды.

Алдымен Семей қаласында Шәкәрім даңғылы, 2 мекенжайында орналасқан №7 емхана директоры Райхан Ахметқалиева медициналық ұйымның жұмысы мен көрсетілетін қызметтердің халыққа қолжетімділігі туралы баяндама жасап, әр бөлімдермен таныстырды.

Бүгінде емханаға 34 мыңнан астам тұрғын тіркелген. Оның ішінде ересектер, балалар мен жасөспірімдер бар. Сонымен қатар әйелдер саны 14 мыңнан асады. Медициналық мекемеде 400-ден астам қызметкер еңбек етеді. Оның ішінде 100-ден аса дәрігер, орта буын медицина қызметкерлері және басқа да персонал бар. Бұл тұрғындарға қолжетімді әрі үздіксіз медициналық көмек көрсетуге мүмкіндік береді.

Емхана ғимараты – 5 қабатты, жалпы аумағы 8 мың шаршы метрден асады. Сонымен қатар тәулік бойы жұмыс істейтін күндізгі стационар қарастырылған. Медициналық ұйымның материалдық-техникалық базасы да дамып келеді: қазіргі таңда 20-дан астам автокөлік бар.

Баспасөз-тур Семей қаласының №1 емханасында жалғасты. Емхана 2008 жылы құрылған. Бүгінде емханада 38 мыңнан астам тұрғын тіркелген.

Мекеме бірнеше бөлімшеден тұратын көпсалалы орталық ретінде жұмыс істейді. Негізгі бағыты – аурулардың алдын алу және пациентке бағдарланған сапалы медициналық көмек көрсету.

Емхана заманауи жабдықтармен қамтылған, нәтижесінде онкологиялық және жүрек-қан тамырлары аурулары бойынша көрсеткіштерде оң динамика байқалады.

Сонымен қатар, бірқатар мәселелер де бар. Атап айтқанда, ғимарат күрделі жөндеуді қажет етеді, медициналық құрал-жабдықтарды жаңарту және оңалту бөлімшесін жетілдіру қажеттілігі туындап отыр.

Баспасөз-туры аясында журналистер медициналық ұйымдардың материалдық-техникалық базасымен танысып, қызмет көрсету сапасы, жағдайы мен өзекті мәселелер туралы кеңінен ақпарат алды.

Фото: Аrnapress.kz

Просмотров (297)
ТопДок 1