Лента новостей

Павлодар облысында сегіз әкім жазаланды

экология, қалдық, заң бұзу

Павлодар облысында экологиялық талаптарды бұзғаны үшін сегіз әкім әкімшілік жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды Arnapress.kz өңір прокуртурасына сілтеме жасап.

Прокуратураның жүргізген талдау жұмыстары Аққулы ауданы аумағында қатты тұрмыстық қалдықтардың жиырмадан астам полигонының бар екенін көрсетті. Өкінішке орай, олардың ешқайсысы қоршаған ортаға эмиссияларға рұқсат қағазымен қамтамасыз етілмеген.

Тексеру барысында экологиялық-санитариялық талаптардың сақталмайтыны, сондай-ақ нормативтік-техникалық құжаттаманың болмауы анықталды. Жиналған қалдықтардан түзілетін фильтрат пен ағын суларды бақылау жүйесі жолға қойылмаған, ал өздігінен пайда болған полигондар қоқыс газдарының шығарындыларын бақылау жүйесімен жабдықталмаған.

Бақылау нәтижесінде анықталғандай, бұл жағдай коммуналдық қалдықтарды бақылаусыз орналастыру салдарынан туындаған. Сонымен қатар, жергілікті атқарушы органдар тарапынан коммуналдық қалдықтарды басқару кезінде экологиялық талаптардың сақталуы жеткілікті деңгейде қамтамасыз етілмеген.

Нәтижесінде, сегіз ауылдық округтің әкімдері әкімшілік жауапкершілікке тартылып, жалпы сомасы 1,7 млн теңге көлемінде айыппұлдар төленді.

Фото: ЖИ

Просмотров (272)
ТопДок 1