2026 жылғы 29 сәуір күні Семей қаласындағы автокөлік көпірінде жол-көлік оқиғасы тіркелді. Бұл туралы Arnapress.kz Абай облысы Полиция департаментіне сілтеме жасап хабарлады.
Алдын ала мәліметтерге сәйкес, 23 жастағы жүргізуші басқарған «Chevrolet» маркалы автокөліктің қозғалыс кезінде алдыңғы дөңгелегі жарылып кеткен. Соның салдарынан жүргізуші көлікті басқара алмай, көпірдің металл қоршауына соғылған.
Жол апаты нәтижесінде зардап шеккендер жоқ. Алайда көлік құралы мен жол инфрақұрылымына материалдық шығын келтірілген.
Қазіргі уақытта уәкілетті органдарға жол қоршауын қалпына келтіру жөнінде нұсқама жолданды. Аталған факті бойынша полиция қызметкерлері әкімшілік материал жинап, тиісті шаралар қабылдауда.
Фото: Абай облысы Полиция департаменті
