Лента новостей

"Бақты - Аягөз" жобасы: 1200 жаңа жұмыс орны ашылады

Бақты-Аягөз, теміржол, жоба

Абай облысында "Бақты – Аягөз" теміржол желісінің құрылысы қарқынды талқыланып, жобаны іске асыру барысы бақылауда, деп хабарлайды Arnapress.kz облыс әкімдігі баспасөзіне сілтеме жасап. 

Облыс әкімі Берік Уәли "Қазақстан темір жолы" ұлттық компаниясының басқарма төрағасы Талғат Алдыбергеновпен кездесу өткізіп, маңызды инфрақұрылымдық бастамаларды пысықтады.

Жиынға өңірлік басқарма басшылары, Аягөз, Үржар, Мақаншы аудандарының әкімдері және мердігер компания өкілдері қатысып, теміржол құрылысы мен вокзалдарды жаңғырту мәселелері жан-жақты қаралды.

"Бақты - Аягөз" теміржол желісі Абай облысының экономикалық дамуына тың серпін береді. Жоба аясында шамамен 1200 жаңа жұмыс орны ашылып, көлік-логистикалық инфрақұрылым айтарлықтай күшеймек.

Бұл теміржол Қазақстан мен Қытай арасындағы жүк өткізу қабілетін 28 млн тоннадан 48 млн тоннаға дейін арттыруға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, оңтүстік бағыттағы өткізу бекеттеріне түсетін жүктемені азайтып, қосымша транзиттік ағындарды тартуға жол ашады.

Фото: Абай облысы әкімдігінің баспасөз қызметі

Просмотров (113)
ТопДок 1