Лента новостей

Бородулиха ауданындағы шахтада қайғылы оқиға болды

шахта, Бородулиха, Орлов

Абай облысының Бородулиха ауданында орналасқан Орлов өндірістік кешенінің шахтасында таудың опырылуы орын алды, деп хабарлайды Arnapress.kz полиция департаментіне сілтеме жасап. 

Алдын ала мәліметтерге сәйкес, үйінді астында екі жұмысшы қалған. Құтқару жұмыстары барысында олардың бірі оқиға орнында көз жұмғаны анықталды.

Екінші жұмысшы табылып, оған қажетті медициналық көмек көрсету үшін дәрігерлерге тапсырылды.

Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайы анықталуда.

ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етілмейді.

Фото: ЖИ

Просмотров (149)
ТопДок 1