Лента новостей

Қазақстандық парабиатлонист Паралимпиада чемпионы атанды

паралимпиада, чемпион, Қазақстан

Италияда өтіп жатқан XIV қысқы Паралимпиада ойындарында қазақстандық спортшы Ербол Хамитов алтын медаль жеңіп алды деп хабарлайды Arnapress.kz  Қазақстан Республикасы Туризм жəне спорт министрлігіне сілтеме жасап

Туризм және спорт министрлігінің хабарлауынша, ол пара биатлоннан 4,5 шақырым қашықтықтағы із қуу жарысында үздік нәтиже көрсетіп, Паралимпиада чемпионы атанды.

Бұл жеңіс Қазақстан құрамасы үшін үлкен жетістік әрі ел спорты тарихындағы жарқын сәттердің бірі саналады.

Айта кетейік, XIV қысқы Паралимпиада ойындары 6–15 наурыз аралығында Италияның Милан және Кортина-д’Ампеццо қалаларында өтіп жатыр. Ойындардың ашылу салтанаты 6 наурыз күні Веронадағы Олимпиадалық аренада ұйымдастырылды.

Фото: Туризм жəне спорт министрлі

Просмотров (99)
ТопДок 1