Лента новостей

Семейде TikTok арқылы терроризмді насихаттаған азамат сотталды

Насихаттау, терроризм, әлеуметтік желі

Абай облысының тұрғыны терроризмді насихаттағаны үшін сотталды, деп хабарлайды Arnapress.kz облыстық прокуратураға сілтеме жасап.

Прокуратура мәліметінше, Семей қаласының тұрғыны онлайн-платформалар арқылы террористік сипаттағы материалдарды таратқан. Тергеу деректеріне сәйкес, ол 2024 жылғы шілде мен 2025 жылғы сәуір аралығында TikTok әлеуметтік желісінде анонимді аккаунттар пайдаланып, сондай-ақ азаматтармен жеке хат алмасу барысында терроризмді насихаттайтын контент жариялаған.

Таратылған материалдар зорлық-зомбылық идеологиясын насихаттап, террористік қызметті ақтауға бағытталғаны анықталған.

"Сот үкімімен айыпталушы Қылмыстық кодекстің 256-бабының 2-бөлігі – “Терроризмді насихаттау немесе терроризм актісін жасауға жария түрде шақыру” бойынша кінәлі деп танылып, 7 жыл мерзімге бас бостандығынан айырылды. Үкім заңды күшіне енді", – делінген прокуратура хабарламасында.

Сондай-ақ Бас прокуратура Қазақстан Республикасының аумағында "Ислам мемлекеті" халықаралық террористік ұйымының қызметі террористік деп танылып, оған толық тыйым салынғанын еске салды.

Фото: жасанды интеллект арқылы

Просмотров (178)
ТопДок 1