Лента новостей

Қаңтар оқиғасында ұрланған қару табылды: Алматыда қылмыстық топ әшкереленді

қылмыс, қаңтар оқиғасы

Алматыда ауыр қылмыстарға қатысы бар қылмыстық топ ұсталды, деп хабарлайды Arnapress.kz. Ішкі істер министрлігіне сілтеме жасап. 

ІІМ мәліметінше, 8 мамыр күні полиция қызметкерлері 10 адамнан тұратын қылмыстық топ мүшелерін қолға түсірген. Олардың арасында бұрын сотталған қылмыстық орта өкілдері де бар.

Күдіктілер мегаполис аумағында жасалған бірқатар ауыр және аса ауыр қылмыстарға қатысы бар деп күдікке ілінді. Атап айтқанда, қару қолданылған бұзақылық, бопсалау, денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру, сондай-ақ қару-жарақ пен тыйым салынған заттардың заңсыз айналымы фактілері тексерілуде.

Арнайы операция барысында 21 санкцияланған тінту жүргізіліп, заңсыз айналымнан қоғамдық қауіпсіздікке қауіп төндіретін қару-жарақтар мен басқа да заттар тәркіленді.

ІІМ дерегінше, күдіктілердің бірінің үйінен бірнеше атыс және травматикалық қару, оның ішінде кесілген мылтықтар мен оқ-дәрілері бар Калашников автоматы табылған. Аталған қару қаңтар оқиғасы кезінде Жамбыл облысы полиция департаментінен ұрланғаны анықталған.

Қазіргі уақытта күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалды. Сот оларды қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялаған.

ІІМ өкілдері құқыққа қарсы әрекеттердің қосымша эпизодтарын және іске қатысы бар өзге тұлғаларды анықтау бойынша тергеу және жедел іс-шаралар жалғасып жатқанын мәлімдеді.

Фото: ЖИ

Просмотров (103)
ТопДок 1