Лента новостей

Отан қорғаушылар күніне орай семейлік құтқарушылар мен тәртіп сақшылары ағаш отырғызды

экология, акция, тал егу

Абай облысында Отан қорғаушылар күніне арналған экологиялық акция өтті. Іс-шараға облыстық Полиция департаментінің қызметкерлері, төтенше жағдайлар қызметінің мамандары және күштік құрылым өкілдері қатысты, деп хабарлайды Arnapress.kz полиция департаменті баспасөзіне сілтеме жасап. 

Акцияны JAC Motors Kazakhstan брендінің автосалоны ұйымдастырды. Шара барысында Семей - Алматы тасжолы бойына 30-дан астам ағаш көшеті отырғызылды.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, бұл бастама қоршаған ортаны көгалдандырумен қатар, туған жерге деген жанашырлықты насихаттауға бағытталған. Қатысушылар мұндай игі істер экологиялық мәдениетті қалыптастырып, қоғамды ортақ құндылықтар төңірегінде біріктіретінін атап өтті.

Мамандардың пікірінше, табиғатқа қамқорлық әр адамның жеке әрекетінен басталады

Фото: ПД баспасөзі

Просмотров (93)
ТопДок 1