Лента новостей

Астана - Талдықорған бағытында жаңа теміржол қатынасы іске қосылады

теміржол, жаңа бағыт, Астана-Талдықорған

ҚР Көлік министрлігі Астана мен Талдықорған арасындағы жаңа теміржол қатынасы биылғы жылы, сәуір айында іске қосылатынын хабарлады дейді Arnapress.kz 

Жаңа бағыт Парламент Мәжілісінің депутаттарының бастамасымен, Көлік министрлігі мен ұлттық тасымалдаушы - "Жолаушылар тасымалы” АҚ бірлескен жұмысы аясында, сондай-ақ азаматтардың өтініштері негізінде ұйымдастырылып отыр.

Министрліктің мәліметінше, бұл жоба Жетісу облысының көлік қолжетімділігін арттыруға, жолаушылар сұранысын қанағаттандыруға және елорда мен өңірлер арасында жайлы, қауіпсіз әрі тұрақты теміржол қатынасын қалыптастыруға бағытталған.

Бастапқы кезеңде ұлттық тасымалдаушы екі жолаушылар вагонын № 122/121 “Нұрлы жол – Семей” пойызы құрамында күн ара қатынау үшін бөледі. Ақтоғай станциясында бұл вагондар № 631/632 “Ақтоғай – Талдықорған” пойызына тіркеліп, жолаушыларға бүкіл бағыт бойынша үздіксіз әрі ыңғайлы қатынас қамтамасыз етіледі.

Көлік министрлігі бұл формат бастапқы кезең екенін, тұрақты жолаушылар ағыны қалыптасқан жағдайда вагондар саны мен қатынау жиілігі кезең-кезеңімен арттырылатынын атап өтті.

Фото: жасанды интеллект арқылы

Просмотров (198)
ТопДок 1