Лента новостей

Семейлік REG18N тобы жаңа альбомын жарыққа шығарды

REG18N тобы, жаңа альбом

Семейдегі Шаңырақ продакшнның фавориттерінің бірі – REG18N тобы жуырда өздерінің жаңа альбомын жарыққа шығарды, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісіне берген сұхбатында продюсерлік орталықтың директоры Мадияр Шуленов

“Шаңырақ продюсерлік орталығы 2025 жылдың 25 тамызынан бастап тәуелсіз түрде өз жұмысын бастады. Орталықтың басты мақсаты – Семей қаласының медиа кеңістігін, музыкалық индустриясын және шоу-бизнесін дамытуға үлес қосатын шығармашылық орта қалыптастыру”,- дейді продюсер Мадияр Шуленов

Айта кету керек, Шаңырақ продакшн той ұйымдастырумен немесе той саласымен айналыспайды. Бұл – таланттарды іздеп, қолдап, үлкен сахналарға жетелейтін кәсіби продюсерлік алаң.

“Продюсері Шуленов Мадиярдың бастамасымен, орталық ұйымдастырушысы Ульянов Айдын мен музыкалық әкімшілік өкілі Ибраев Асылбектің қолдауымен қаладағы жас таланттар мен артисттерге жаңа мүмкіндіктер ашылып келеді. Команда жас орындаушыларды үлкен арман мен биік мақсаттарға бағыттап, кәсіби деңгейде дамуына жол көрсетуде”,- дейді

REG18N тобы 2025 жылдың 9 мамырында құрылған және осы уақытқа дейін тәуелсіз форматта жұмыс жасап келеді.

“Шаңырақ продакшнның фавориттерінің бірі – REG18N тобы жуырда өздерінің жаңа альбомын жарыққа шығарды. Топтың тарихы шағын студиядан басталып, бүгінде ірі музыкалық платформалардан көрініп отыр. Топты әлеуметтік желіде кеңінен танытқан алғашқы синглдардың бірі – BIZDIN VIBE трегі. Қазіргі таңда REG18N бұдан да ауқымды жобалармен жұмыс істеп, алдағы уақытта тек Семей емес, бүкіл Қазақстанға танымал болады деген үміт зор”,- дейді ұйымдастырушы

Шаңырақ продюсерлік орталығы жас таланттарды қолдап, шығармашылық жолда жаңа белестерге жетелеуді жалғастырады. REG18N тобының жетістіктері – Семейдегі музыкалық индустрияның өсіп келе жатқанын көрсететін нақты мысал.

Гүлнұр Ахметжан

Фото, видео: ұйымдастырушыдан

Просмотров (229)
ТопДок 1