Бұған дейін сайтымызда жазған, 12 ақпан күні Абай облысы мен Батыс Қазақстан облысы ақындарының қатысуымен өтеді деп жоспарланған "Жайық келіп, Ертіске қосылғанда" атты командалық айтыс кейінге шегерілді, деп хабарлайды Arnapress.kz Мәдениет басқармасына сілтеме жасап.
Айтыс ақындары мен жыршы, термешілердің Халықаралық Одағының Абай облысы филиалының төрағасы Дәулет Сметов:
“Құрметті қонақтар мен ресми өкілдердің жұмыс кестесі өзгеруіне байланысты, сондай-ақ, Халықаралық айтыскер ақындар мен жыршы, термешілер Одағының ұйымдастырушы тарабы шешіміне сәйкес кейінге шегерілді. Мәдени іс-шара Наурыз мерекесі қарсаңында ұйымдастырылатын болады. Нақты өтетін күні қосымша хабарланады”,- деп мәлімдеді.
Еске салайық, "Amanat" партиясы мен "Айтыс ақындары мен жыршы-термешілердің халықаралық одағы" РҚБ бастамасымен, Абай облысы әкімдігінің ұйымдастыруымен өтетін бұл айтыс ұлттық өнерді дәріптеуге, рухани құндылықтарды жаңғыртуға бағытталған.
Фото: жасанды интеллект арқылы
