Семей қаласының 27 жастағы тұрғыны түзеу мекемесінің қоршауынан екі түйіншек лақтырмақ болған кезде ұсталды, деп хабарлайды Arnapress.kz Polisia.kz cілтеме жасап.
Түйіншектерден алты ұялы телефон, үш SIM-карта, құлаққап және төрт зарядтау құрылғысы тәркіленді.
Ұсталған азаматтың айтуынша, оған тыйым салынған заттарды ақшалай сыйақы үшін жеткізуді бейтаныс адам ұсынған. Оған қатысты әкімшілік хаттама толтырылды.
Фото: Polisia.kz
